Чукеев Азамат Төлегетайұлы, көркемдік жетекші, «Мәдениет саласының» үздігі төсбелгісінің иегері.
1982 жылы 16 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында туған. 2003 жылы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын «Музыка театрының актері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Шығармашылық еңбек жолын Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында бастады. 2012 жылдан бері І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында еңбек етіп келеді.
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрынының репертуарындағы «Міржақып» спектаклінде – Голощекин, «Махаббат, қызық мол жылдар» қойылымында – Тұмажан, «Хан Кене» – Ағыбай батыр, «Ыбырай» қойылымында - губернатор, «Өтелмеген парыз» қойылымында - Қожабек және т.б рольдерді сомдады. Талантты актер өнер саласындағы жемісті еңбегі үшін 2020 жылы Еліміздің театр өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, өзге де мәдениет саласы мекемелерінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған республикалық іс-шарада Жезқазған қаласының белгілі меценаты, «Арқаның Атымтайы» атанған Бекзат Алтынбеков тағайындаған дәстүрлі «Тұлға» сыйлығының лауреаты атанды. 2021 жылы «Темірқазық – 2021» театр сыйлығы «Үздік ер бейнесі» номинациясын иеленді.
Сондай-ақ, «Степь» фильміне түсіп, Мәскеуде өткен «Арт-Премьер» Халықаралық өнер фестивалінде үздік шығып, «Признание» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Отбасылы, төрт баланың әке

