Театр әдебі
Қадірлі көрермен!
Осы кешіңізді қазақ өнерінің қара шаңырағы - Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрына арнағаныңызға үлкен ырзашылығымызды білдіре отырып мына төмендегі жайттарды, яғни Театр мәдениетін естен шығармауларыңызды өтінеміз:
Осы кешіңізді қазақ өнерінің қара шаңырағы - Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрына арнағаныңызға үлкен ырзашылығымызды білдіре отырып мына төмендегі жайттарды, яғни Театр мәдениетін естен шығармауларыңызды өтінеміз:
- Театр — биік мәдениет орны. Мұнда кешкі, сәнді киіммен келген абзал спорттық үлгідегі киімдер мұнда жараспайтыны әбден белгілі.
- Біздің театрға мектеп жасына дейінгі балаларды ертіп келудің жөні жоқ, ал, 7 жасқа толған балаға арнайы билет алынуы керек.
- Көрермен залына арнайы қоңырау соғылған соң кіру қажет. Қойылымдар үшінші қоңыраудан кейін басталады және сол сәтте көрермен залының есігі жабылады.
- Үшінші қоңыраудан соң залдағы жүріс тоқталуы қажет. Сондықтан да спектакльге кешікпей келуіңізді өтінеміз.
- Кешігіп келген жағдайда залға екінші қабат арқылы өтіңіз.
- Егер билетте көрсетілген орныңыз бос болмаса, жақын маңдағы бос орынға отырыңыз немесе билет тексерушіден көмек сұраңыз.
- Көрермен залына сырт киіммен кіру және онда бас киіммен отыру өте орынсыз. Ал, қатарлар арасынан арқаңызды сахна, ал жүзіңізді отырғандарға қарата өту жөн.
- Театрда темекі шекпеуіңізді және залға тағам, сусын алып кірмеуіңізді өтінеміз.
- Спектакль алдында ұялы телефондарды «дыбыссыз» режимге қою, ал спектакль кезінде залда тыныштық сақтау керек.
- «Авторлық және аралық құқық туралы» заңдар талаптарына байланысты фото және бейнетүсірілімдер жасауға рұқсат етілмейді.
- Спектакль аяқталып, сахна шымылдығы жабылғаннан кейін актерлердің көрерменге тағзымға шығатын сәтін күту қажет. Актерлерге, ал, премьераларда спектакль режиссері, суретшісі, т.б. гүл шоқтары да осы кезде ұсынылады.
- Көрермен залынан үзіліс кезінде және спектакль аяқталған соң шығу керектігін де еске саламыз.
Құрметпен,
Театр әкімшілігі