Театр мұражайы
І.ОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ МУЗЕЙІ ТУРАЛЫ

Музей 20 жылдық мерейтойға орай, 2020 жылдың 14 қыркүйегінде ашылды. Бұл театр шымылдығы тұңғыш рет түрілген атаулы дата болатын.
Жаңа музейдің лентасын қию құрметі ҚР Мәдениет қайраткері, мәдениет саласының ардагері Р.Ғ. Ғайсенова мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр ардагері Қ.Б. Бегайдаровқа және Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Е.Б. Болатовқа ұсынылды.
Музей мәдени мекеменің 20 жылдық тарихын түгелдей қамтыды. Ең алғашқы қойылым «Абылай хан» тарихи драмасынан бастап, сахналанған спектакльдердің афишалары, фото-естеліктер ілінген. Сондай-ақ халқымыздың тарихы, тұрмыс-тіршілігінен мағлұмат беретін көне жәдігерлер де жетерлік. Оны жасақтауға негізінен көрермендер үлес қосты.
Театрдың аты берілген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері І.Омаровтың суреті төрге ілініп, оның ұстаған бұйымдары, өз қолымен жазған хаттары – ең құнды жәдігерлер болып табылады. Оны І.Омаровтың туыстары, жақындары табыстаған.
Музейде театрдың тұңғыш көркемдік жетекшісі, белгілі режиссер, өнер тарланы Ж.Есенбеков пен театрдың негізігін салушылардың бірі, актер Ө.Мұқашевқа арнайы бұрыш ашылды.
Бүгінде музей қоры толығып, мазмұны байып келеді. Көрермендердің оны кез келген уақытта көріп, аралап тамашалауына мүмкіндік жасалған.
Сондай-ақ, музейдің жанынан қоғамдық кітапхана ашылған. Мұндағы өнер, театр, мәдениет жайлы, тарихи әдебиеттер мен мерзімдік баспасөздер тігінділері оқырманға әрқашан қолжетімді.