Театр тарихы
Қазақ өнерінің қара шаңырағы, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы аясында өз жұмысын бастады. Мекеменің ресми ашылуына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, болашағына сәт-сапар тіледі. Театрға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері І.Омаровтың атын беру тікелей Нұлсұлтан Әбішұлының ұсынысымен жүзеге асты.
Жаңа ұжымды жасақтау үшін алғашында Тобыл-Торғай өңіріндегі танымал әртістер мен Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының 22 түлегі шақырылды. Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловтың сыныбын бітірген шәкірттер тың серпінмен жұмысқа кірісті. Театр шымылдығы алғаш рет 14 қыркүйекте Ә.Кекілбайдың «Абылайхан» драмасымен түрілді. Қойылымды театрдың тұңғыш көркемдік жетекшісі, белгілі режиссер Жамбылбек Есенбеков сахналады.
Театр құрылғаннан кейін бір жыл өткесін, республикалық, халықаралық фестивальдерге белсенді қатыса бастады. Бірнеше мәрте аталымдарды жеңіп алып, жүлдегер атанды. Тек Қазақстанда ғана емес, көптеген шет елдерде өнер көрсете бастады. Мәселен, 2003 жылы Ресей Федерациясының Челябі облысының Ноғайбах ауданына гастрольге шақырылды. Осы жылы Троицк қаласында Р.Ибраеваның «Махаббат пен кесапат» (реж. А. Уәлиев) спектаклі қойылды.
Өлкенің тарихи тұлғалары түгенделіп, Шоқан, Ыбырай, Міржақып, Ахмет, Мәриям мен Ілияс, Кейкі батыр, Бейімбет, Сұлтан Баймағанбетов сынды тұлғалар мен еңбек ерлерінің бейнесі көрерменмен қауышты.
2012 жылы 12 қаңтарда театр жаңа заманауи ғимаратқа көшті. Өнер ордасы жаңа ғимаратта жұмысын бастаған 2012 жылы, Қостанай қаласында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы, Ілияс Омаровтың 100 жылдығына арналған республикалық театрлар фестивалі ұйымдастырылды.
Бүгінде театр репертуарында 100-ден астам әлемдік классика мен ұлттық драматургияның жауһарлары, заманауи қойылымдар бар. Соңғы жылдары драма, комедиядан бөлек, абсурд, реквием жанрларында жаңашыл спектакльдер сахналанып, шетелдік режиссерлармен шығармашылық тығыз байланыс орнады. Атап айтқанда, 2020 жылы С.Беккеттің «Годоны күте-күте» (режиссері М.Жұмабаев Түрікменстан), 2021 жылы Ш.Айтматовтың «Құс жолы» (режиссері Н.Абдыкадыров (Қырғызстан), 2021 жылы С.Ваннустың «Сұлтанның аты – сұлтан» (режиссері Б.Абдураззаков) қойылымдары труппаның деңгейін биікке көтерді.
Нәтижесінде 2019 жылы театр «Рухани қазына» облыстық фествиалінде жеңімпаз атанып, «ең үзік театр ұжым» аталымын иеленді. 2021 жылы театр Көкшетау қаласында өткен ІІІ аймақтық театрлар фестивалінде «Ең үздік қойылым» номинациясын жеңіп алды. Осы жылы Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Әшірбек Сығай атындағы «СЫН –ШЫН БОЛСЫН...» республикалық театрлар фестивалінде жемісті өнер көрсетіп, театр актері Олжас Бегайдаров «Ең үздік роль» аталымын иеленді.
Шығармашылық өсу, тәжірибе алмасу – негізгі ұстаным. Бұл бағытта гастрольдік сапарлар ұйымдастыру жолға қойылған. 2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, соның ішінде «Қазақстандық мәдениетті жаһандық әлемге таныту» бағытына сай, Өзбекстан республикасы, Ташкент академиялық театры сахнасында «Хан Кене», «Әнім сен едің» (Шәмші туралы тамшылар), «Мұңмен алысқан адам» спектакльдері қойылды. Осы жылы Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында қаламгер Әскерхан Ақтайдың «Ботақара-Шешенбике» тарихи драмасының тұсаукесері өтті. Премьераның шет елде өтуі – театр тарихында тұңғыш рет. Мұнан бөлек, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Шымкент, Түркістан т.б. қалаларда өнер көрсетті.
Әлемдік пандемия уақытында да шығармашылық ізденіс тоқтаған жоқ. Шетелдік мамандардың қатысуымен бірнеше премьера әзірленді.
2022 жылы труппа Арқалық пен еліміздің екі үлкен мегаполисі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларына гастрольдік сапармен барып, көрерменнің оң бағасын алып қайтты. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсұнұлының 150 жылдығына орай театр «Алаштың Ахметі» спектаклін әзірледі.
Бүгінде театр ғимаратында музей, қоғамдық кітапхана жұмыс істейді. Сондай-ақ, келушілерге суретке түсу мүйісі ұйымдастырылған. Шағын залда әдеби кештер, шығармашылық басқасулардың өтуі дәстүрге айналған.