Зауатбек Асхат Мұратұлы

Директор
Зауатбек Асхат Мұратұлы  1995 жылы Қарағанды облысы, Балхаш қаласында  дүниеге келген. 2013-2017 ж. Т.К. Жургенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Қуыршақ театры актеры» бөлімін бітірген. 2017-2019 ж.ж. «Драма театр актері» мамандығы бойынша оқып, академиялық дәрежедегі  Өнертану ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.  Еңбек жолын 2015 жылы «Мемлекеттік Қуыршақ театрының» актері , BIG FRAME өнер студиясында актер шеберлігі пәнінін ұстазы болып қызмет еткен. 2016-2017 жылдары «МЭТС 13/18 театры» актері және директордың орынбасары болып қызмет жасаған. 2018-2019 жылдары «1 Арна Евразия» арнасының  редакторы, «31 Арна» арнасының  редакторы, 2019 жылы БСЛ «Альтаир» балалар сауықтыру лагерінің директоры. 2020-2022жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Театр өнері факультетінің оқытушысы болып қызмет етті. 2022-2024жж Ақмола облыстық орыс драма театрының директорының орынбасары болды.
 Бірнеше рет Алматы қаласының, Ақмола облысының әкімдігінің және мәдениет басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталған.