Барақов Ерхан Төлеуұлы

Актер
Барақов Ерхан Төлеуұлы – актер,1970 жылы Торғай облысы, Амангелді ауданы, Жыланшық кеңшарында дүниеге келген. Еңбек жолын 2000 жылы Арқалық қаласындағы облыстық жасөспірімдер театрынан бастаған. 40-тан аса рөлдері бар.
2017 жылдан бастап І.Омаров атындағы қазақ драма театрында қызмет етіп келеді. 

Сомдаған рөлдері:
Отандық, әлемдік классика мен заманауи драматургия шығармаларда:

"Айман-Шолпан" - Көтібар (реж. Ж.Есенбеков),  "Қыз Жібек" - Бекежан (реж.Ж.Ходжив), "Мәдидің шайқасты" - Мәди (реж.Б.Молдашев), "Күнә"- Сәрсен (реж.Т. Рақышева), "Махаббат аралы" - Орманшы (реж.Ф.Жылгелдейов),  "Эмигранттар" - XX (Ф.Қанафин), "Жоғалған адам"- Жәпек (реж. Қ.Есенқұлов),  "Құс жолы" - НКВД (реж.Н.Абдыкадыров).

Жетістіктері:
Республикалық театрлар фестивалінің лауреаты, облыстық мәдениет басқармасының мақтау қағаздарымен марапатталған.