Ахметова Күләй Жармағамбетқызы

Актриса
Ахметова Күләй Жармағамбетқызы – актриса, 1963 жылы 14 мамырда Торғай облысы, Жангелдин ауданында дүниеге келді.
1987-1991 жылдар аралығында фольклорлық-этнографиялық халық ансамблінде еңбек етіп, Араб елі, Серия, Иордания мемлекеттеріне гастрольдік сапарға шығып, ән салып, еліміздің даңқын көтерді.
1992-2014 жылдары Арқалық қаласындағы театрда қызмет етіп, 50-ге жақын рөлдерді сомдады.
2014 жылдан бастап І.Омаров атындағы қазақ драма театрында еңбек етіп келеді. 

Сомдаған рөлдері:
Отандық, әлемдік классика мен заманауи драматургиялық шығармаларда:
"Құдалар" - Сайраш  (Қ.Есенғұлов),  "Күшік күйеу" - Бейжамал (реж. Қ.Есенғұлов), "Үйлену" - Фекла Иванова (реж. А.Баймахан),  "Жоғалған адам" - Ақпүліш (реж. Қ.Есенғұлов),  "Қызыл алма"- Құрбан апа (реж. Ә.Ақанов),  "Аңдардың қыстағы"- Қожайын (реж. Қ.Маратұлы), "Тапкыр достар" - Ертекші (реж. Д.Құбаш), "Батырлар" - Апа (реж. Қ.Маратұлы),  "Балшық Бала" - Кемпір (реж. О.Бегайдаров),  "Ханшайым-Қыс" - Қыс ханшайымы (реж. Қ.Маратұлы), "Құс жолы" - Айша (реж. Н.Абдыкадыров).

Жетістіктері:
Қазақстан Театр Қайраткерлер Одағының граматасымен, облыс әкімі, Қостанай облысы мәдениет басқармасы басшысының мақтау қағазымен марапатталды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл мерекелік медалі мен
Қостанай облысы меценаттар клубының "Қазына" сыйлығының иегері.