І.ОМАРОВ ТЕАТРЫ ҮШ  БІРДЕЙ ФЕСТИВАЛЬДЕ БАҚ СЫНАМАҚ

Ағымдағы жылдың қазан, қараша айларында театрымыз еліміздегі және шетелдегі Республикалық және Халықаралық театр фестивальдерінде бақ сынамақ.

            Атап айтар болсақ, қазан айының 19-ы күні Қызылорда қаласында өтетін Б.Құндақбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХХІ Республикалық фестивалінде «Міржақып» қойылымы қатысады;

            23-29 қазан күндері Пәкістан елінің Лахор қаласында өтетін MAAS Халықаралық театр фестиваліне «Шолпанның күнәсі» қойылымымен аттанады;

            Ал 5-9 қараша аралығында Түркіменстан елінің Ашхабад қаласында өтетін Халықаралық театр фестивалінде «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» қойлымын ұсынады;

            Бұл фестивальдерге репертуарымыздағы шоқтығы биік, театр сыншыларынан өз бағаларын алып жүрген қойылымдарымызды ұсынып отырмыз. Театр ұжымына сәттілік серік болсын деп, жеңіспен оралуын тілейміз!