І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының гастрольдік сапары
10-11 қыркүйек күндері І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры Көкшетау қаласында гастрольдік сапарда болды. Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында тұрғындарға репертуарымыздағы шоқтығы биік шығармалардың бірі - “Міржақып” драмасын (режиссері Г.Адай), “Махаббат операциясы” комедиясын (режиссері: Ә.Қосубақ), кішкентай көрермендерге арнап “Алтын балапан” ертегісін (режиссері: С.Мырзатаев) сахналады. Үш қойылымда да залда ине шаншыр орын болмай, театр ұжымы көрермендердердің зор қошеметіне бөленді.
Ал 15-16 қыркүйек күндері гастрольдік сапар Петропавл қаласында жалғасты. Қызылжарлық көрермендерге Ә.Қосубақтың «Махаббат операциясы» комедиясы мен С.Мырзатаевтың «Алтын балапан» ертегісін ұсынды. С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма тетарының көрермен залы да екі күн бойы лық толы болып, қойылымдарымызды ыстық ықыласпен қарсы алды.
