Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан» спектакльінің премьерасы сәтті өтті!

Желтоқсан айының 17-18 жұлдыздарында өткен  «Шоқан» спектаклінің премьерасы көрермен көңілінен шығып, рухани маңызы зор мәдени кештердің біріне айналды. 

Қойылымның инсценировка авторы және сахналаған  дарынды режиссер – Бәзіл Сұлтанғазы.Қойылымның композиторы  ҚР «Серпер» жастар одағы сыйлығының иегері – Олжас Жақыпбек.

 

Аталмыш қойылымның премьерасына Халық ақыны, өнер майталманы Әсия Әйіпқызы Беркенова арнайы қатысып, спектакльдің мазмұны мен көркемдік деңгейіне жоғары бағасын берді.

Қойылым аяқталған соң, қадірлі қонақ сахна ұжымына жүрекжарды лебізін білдіріп, шығармашылық табыс тілеп, театр өнеріне деген зор құрметінің белгісі ретінде ықылас гүлін табыстады.Кеш өнер сүйер қауым үшін тағылымды да әсерлі сәттерге толы болды.