QITFEST — Қостанай халықаралық театр фестивалі!

 Қостанай қаласында тұңғыш рет халықаралық деңгейдегі ауқымды мәдени шара — QITFEST халықаралық театр фестивалі өтті!

 Фестиваль 2025 жылғы 1–6 қазан аралығында өтті.

Бұл ерекше аптада Қостанай сахнасына Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Иран, Түркия және Грузия елдерінен келген үздік театр ұжымдары, актерлер мен режиссерлер бас қосып тәжірибе алмасып,үздік спектакльдерін көрермен назарына ұсынды.

 Фестивальдің мақсаты:

Театр өнерінің әлемдік жетістіктерін насихаттау және дамыту.Халықаралық мәдени байланыстарды нығайту.Кәсіби шеберлікті арттыру және тәжірибе алмасу.Қостанай қаласының заманауи театр өнерінің орталығы ретінде халықаралық беделін көтеру.Спектакльдерді әділ әрі тәуелсіз түрде бағалау және талдау.Театр қайраткерлері мен шығармашыл жандардың басын қосу.

 

Фестивальге арнайы бірқатар қадірлі қонақтарымызда келді:

Кеңестік және қазақстандық кино және театр актері,КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті - Асанәлі Әшімов 

         Театр және кино актері,Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат ордені иегері,Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы - Жаманқұлов Тұңғышбай Қадырұлы

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министірлігі , Мәдениет комитеті «Театр өнері» басқармасының басшысы - Нұрбекова Алтынгүл Жақсылыққызы.

Фестивальдің әділ-қазылар алқасына арнайы халықаралық және респубикалық деңгейдегі театр сыншылары шақыртылды:

 Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның профессоры, Театртанушы, өнертану кандидаты, ҚР театр сыншылар бірлестігінің төрағасы -Еркебай Анар Саимжанқызы

 Өнертану докторы,Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры,  «Құрмет» орденінің иегері - Нұрпейіс Бақыт Кәкиқызы

 

 Театртанушы, өнертану кандидаты, Қауымдастырылған профессор,Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер университетінің «Театр және кино» бөлімінің меңгерушісі  - Мұқан Амангелді Оразбайұлы

 

Театр сыншысы,Ресей Федерациясы мәдениет саласының  еңбек сіңірген қызметкері - Кузнецова Евгения Борисовна

 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері,ҚР мәдениет саласының үздігі, шет елдегі орыс театрлары қауымдастығының басқарма төрағасы, «Театр-Көкше» халықаралық театр фестивалі мен зертханасының директоры.Еуразия және Африка халықтары креативті экономика және медиа ассамблеясы кеңесінің тең төрағасы -Бахтыгереев Бейбіт Салауатұлы

Фестиваль қорытындысы:

«Қола жүлде»  - Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры «Жалғыздық» спектаклі

«Күміс жүлде» - Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры

«Чехов. Толстой. Абай» спектаклі

 

«Алтын жүлде»  - Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры «Найзағай» спектаклі