Ұлт рухына тағзым!
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында жаңа тарихи қойылым — «Міржақып» спектаклінің премьерасын өтті!
Премьера қыркүйек айының 11 жұлдызында Міржақып Дулатұлының туған жері Тобыл-Торғай жерінде өтті.
140 жылдығына арналған бұл сахналық туынды – ұлттың ардақты перзентіне көрсетілген зор құрметтің белгісі болды.Премьераға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы арнайы келіп,қойылымнан алған әсерімен бөлісіп,ризашылығын білдірді.
Бұл туынды — қазақтың ұлы перзенті, Алаш арысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың 140 жылдық мерейтойына арналған.
Инсценировка авторы және қойылымның режиссері — республикалық және халықаралық фестивальдердің лауреаты,Асанәлі Әшімов атындағы сыйлықтың иегері - Гаухар Адай.
Қойылмның суртешісі – ҚР суретшілер одағының мүшесі,Мәдениет саласының үздігі – Гүлдана Алина.
Спектакльдің кеңесшісі –Міржақыптанушы, ҚР Көркем академиясының академигі ,профессор Марат Әбсеметов Оралбайұлы .
Бұл — тек қойылым емес , бұл — тарихи жадты жаңғырту, ұлтқа қызмет еткен тұлғаны ұлықтау!
.jpeg)
.jpeg)
