Қостанай облыстық қазақ драма театры Оңтүстікте !

Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры ең таңдаулы қойылымдарымен Оңтүстіктегі көрермендерімен қауышты.Тараз,Шымкент,Түркістан,Жетісай қалаларына шығармашылық сапарға барып келді.Оңтүстіктің көрермендерін репертуарымыздағы айтулы қойылымдармен қуантып қайтты.

 «Шолпанның күнәсі» қойылымы: Адам мен қоғам, махаббат пен өмір туралы терең ой салатын қойылым, бізді өзіміздің ішкі жан дүниемізді ашып, рухани ізденістерге жетелейді.

 «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»: Жүрекжарды күлкі мен қайғы, қуаныш пен мұң араласқан бұл қойылым сіздерге ерекше көңіл күй сыйлайды. Бұл қойылым – шынайылық пен адамдық қасиеттердің қымбаттығын көрсететін театр өнерінің асыл жауһары.

 «Менің атым Қожа»: Балалық пен үлкен өмірдің арасындағы нәзік шекара, адалдық пен әділдікке ұмтылған жасөспірімнің басынан өткен оқиғалар. Қожа бейнесі – әрқайсымыздың жүрегімізде сақталып қалған ұмытылмас бейне!

Гастрольдің сәтті өтуі – біз үшін үлкен қуаныш! Оңтүстік көрермендермен кездесіп, өнердің шынайы құндылықтарын бірге бөлісу әрдайым бақыт. Көрермендердің жылы қошеметі, қызығушылықтары мен өнерге деген сүйіспеншіліктері бізге шабыт берді! Театр өнерінің биік шыңдарын бағындыру жолында осы сәттер мәңгі есте қалады.

 Театр әлемінде бірге болайық!