Қостанай қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кең көлемде аталып өтті.
Қостанай қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кең көлемде аталып өтті. Салтанатты кешке Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, шығармашылық иелерін құттықтады.
Әкім өз сөзінде:
“Мәдениет — ұлттың рухани тірегі. Еліміздің өркендеуі — осы сала мамандарының еңбегімен тікелей байланысты”— деп атап өтті.
Театрымыздың беделді актері,ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бегайдаров осы кеште «Парасат» орденімен наградталды! Бұл — жоғары мемлекеттік марапат және үлкен еңбек пен адал өнерге берілген лайықты баға!
