Қостанай театры халықаралық фестивальден жеңіспен оралды!
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры Қызылорда қаласында өткен “Сырдың Сәбирасы” атты І халықаралық театр фестивалінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі болды.
Театр ұжымы Шыңғыс Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»шығармасын сахналап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Аға буын әртісіміз, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат»орденінің иегері Қоныспек Бегайдаров — «Үздік ер адам бейнесі»номинациясын жеңіп алды!
Бұл — тек театр емес, Қостанай мәдениетінің ортақ жеңісі!
.jpeg)
.jpeg)
