Қыркүйек айының 28,29 жұлдыздары Қ.Ысқақтың “Таңғы жаңғырық” драмасының премьерасы өтті!
М.Әуезовтің Қараш-Қараш әңгімесінің желісімен Қ.Ысқақтың “Таңғы Жаңғырық” қойылымын біздің ұжым сахнаға алғаш рет паш етті. Қойылым еркіндікті аңсаған Бақтығұлға қол ұшын созғысы келген Жарасбай жайында өрбейді. Он алты жасар Бақтығұл он жастағы інісі Тектігул екеуі жастайларынан жетім қалып, нағашы жұрттарын іздеп келіп, Қозыбак ауылының Сәлмен дейтін сотқар байының бірі қойын, бірі жылқысын баққан малайы болады. Күн - түн демей, тыным көрмейтін еңбекқор екі жігіттің арқасында Сәлмен байдың байлығының үстей өсуі де молаяды. Қанша еңбектенсе де, ақ - адал еңбектерінің жемістің көрмей, керісінше, кесір байдың сараңдығанан кедейліктен арылмай, ол аздай, жосықсыз қиянаттың салдарынан қаза болған інісінен айырылган Бақтығұл жалғыздық панасыздықтан көрері итшілік күн боларына көзі жетіп, біреудің қолтығына кірмей амал жоқтығын пайымдайды.
Қоюшы режиссері – Алена Кабдешова
Қоюшы суретшісі – Гульнара Канафина
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
