ОҚЫ ЖӘНЕ ЖЕҢ

Тобыл-Торғай өңірінде алғаш рет кітап оқуға арналған ауқымды онлайн жоба басталды.

Кітап оқу - мәдениеттің кілті. Бұл кітап сүйер қауым үшін таптырмас жоба деп есептеймін.

Алғашқы кезеңге қазақ әдебиетінің шығармалары ұсынылып отыр.

Байқауға тіркелу дүйсенбіден басталып кетті. Осы қысқа уақыт аралығында 2500-ге жуық қатысушы тіркеліп үлгергендігі қуантарлық жайт.

Бастысы, осы сайысқа қатысқан әрбір қатысушы кемінде үш кітап оқитындықтан, ешкім ұтылмайды деп ойлаймын!

Толығырақ http://kitap10.kz сайтынан немесе @kitap10.kz инстаграмм парақшасынан біле аласыздар.

Облыс тұрғындарын сайысқа қатысуға шақырамыз!