Дала шамшырагы
«Дала шамшырағы»
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірін арқау еткен «Дала шамшырағы» спектаклі 2009 жылы сахналанды.
Авторы Т. Қоңыратбай, қоюшы режиссері Е. Төлеубай. Басты рөлдер Ыбырай бейнесін М.Жапаров, Н.Кенжахметовтер сомдады.
Қысқаша анықтама:
Ыбырайтанушы Тана Қоңыратбайдың «Дала шамшырағы» қойылымында Ы.Алтынсариннің қазақ даласында тың үлгідегі мектеп ашу жолындағы қиындықтары, халықтың көрген тауқыметі Арызқұл молда бастаған Итемген, Қатыш, Қырмаштардың қарсылығы арқылы көрініс табады. Мектеп шаңырағына ілінген шамдар – Ыбырай жаққан білім шырағы. Дегенін істетіп үйренген ауыл шонжарлары сол отты сөндірмек болып мектепті өртеді. Алайда дала шамшырағының бүкіл қазақ даласын жарыққа бөленуін аңсағандар да аз емес.
Спектакльдегі ақын Нұржан Наушабаев – Ыбырай заманындағы ақындардың, көзі ашық, көкірегі ояу адамдардың жиынтық бейнесі. Ыбырай тығырыққа тіреліп қиналғанда түсінде ақ киімді адам қолына шырақ ұстап, жөн сілтеп, аян береді.
Мәдениеті мен өркениеті тарихтың тым тереңіне кететін қазақ халқының бір мүлгіп, қараңғылық, надандық басқан кезеңі ауру, бейбақ қыз кейпімен беріледі. Ыбырай оны мүсіркейді, емдетемін дейді, ал сұм заман, аяусыз Арызқұл сияқты жандар оны аямайды. Бұл – ғасырлар бойы қалыптасқан ескілікті салт, мінез, түсінік пен жаңаның, надандық пен даналықтың күресі.