Костанайский областной
казахский театр драмы
им. И. Омарова

"Впервые за тысячелетнюю историю наша культура
зазвучит на всех континентах и на всех
главных языках мира" Н.А. Назарбаев

Абай

«Абай»

«Абай» трагедиясы қазақтың бас ақынының соқпалы, соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысып жол салған күрделі өмірін көрсетеді.  Спектакль 2011 жылы сахналанды . Авторы – Қазығұл, қоюшы режиссері –  Е.Төлеубай, қоюшы суретші  М. Нұрмақанов.
Басты рөлдерді сомдағандар: Абай­ ­­­–  Б.Төкенов, Оспан –  Н.Кенжахметов, Мағауия – О.Бегайдаров, Әйгерім – З.Бегайдаров, Оразбай – Қ.Бегайдаров, Күнту – Қ.Иманов, Ербол – А.Шәкіржанов, Қиясбай – А.Кенжетаев, Әбен – Ә.Мырзахан, Бейсенбі ­– А.Чукеев, Әзімхан – Б.Таңатқанұлы, Рақым – Қ.Қойшығұлов, Олжабай – Төленді Әлғожин, Хадиша – Әсем Қозыбақова, Ояз – Қ.Есенғұлов, Полицей –Н.Кенжахметов, урядник, солдат Қуаныш Маратұлы.
Қысқаша анықтама:
«Бір ұрты қан, бір ұрты май», тоқырауға түскен ел. Ұлтының қайғысы жүрегін тырнаған ұлы ақынның айықпас қасіреті. Байда мейір, кедейде пейіл қалмаған қатыгез дәуір. Шынжыр балақ шұбар төс, озбыр болыс-билермен таласқа түскен Абайға Ділдадай дана жары сүйеу болады. Қараңғы дәуірде халқын жарыққа сүйреген хәкімнің жан азабы «Абай» драмасында айқын көрінеді.