Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Шығармашылық құрам

Шамбетов Баатырбек Рысқұлұлы

ҚР Мәдениет қайраткері
Шамбетов Баатырбек Рысқұлұлы, ҚР Мәдениет қайраткері
 
Көркемдік жетекші
 
Шамбетов Баатырбек Рысқұлұлы  1978  жылы 21 қарашада, Қырғыз республикасы, Ыстықкөл облысы, Балықшы қаласында туған. Ұлты қырғыз, білімі жоғары, Қазақстан республикасының азаматы. Орта мектепті аяқтаған соң, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтына түсіп, актер мамандығын 1999 жылы үздік дипломмен бітіріп шықты. С. Мұқанов атындағы қазақ музыкалы-драма театрында 2000 жылы еңбек жолын бастады.
Б. Шамбетов 2012 жылы Қырғыз мемлекеттік Искуство институтынын режиссура бөлімін, режиссер мамандығы бойынша тәмамдады.  2014 жылы  РФ Санкт-Петербург меммлекеттік театр өнері академиясында біліктілін артырған.
2019 жылдан бастап І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында көркемдік жетекші болып жұмыс істейді.
 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ: 
 
Жоғарғы санаттағы актер ретінде театр репертуарындағы түрлі жанрдағы спектакльдерде басты рөлдерді ойнады.  Атап айтқанда: 
П. Мериме. «Кармен» – Дон Хосе, Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»  - Қодар, С. Жүнісов «Қысылғаннан қыз болдық» – Алтынбек, Ш. Айтматов «Шыңғыс ханның ақ бұлты» – Шаман, М. Ғаппаров «Қызғаншақ қыздардын кеші» – Ақтан Раев, Қ. Қорғанұлы «Қанмен жазылған хат» – Бауыржан Момышұлы, Софокл «Эдип патша» – Эдип, Н.Гогольдың «Ревизор» комедиясында Дуанбасы, С.Ваннус «Сұлтанның аты – сұлтан» комедиясы Әбу Аза т.б. рөлдерді асқан шеберлікпен сомдады.
 
 
САХНАЛАҒАН СПЕКТАКЛЬДЕРІ:
 
1. М. Задорнов «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедия, 2006 жыл;
2. М. Ғаппаров «Бағытсыз баспалдақ» трагифарс, 2007 жыл;
3. М. Әуезов «Еңлік-Кебек» трагедия 2008 жыл;
4. Т. Уильямс «Шыны хайуанат» драма, 2010 жыл;
5. Т. Жуженоғлы «Тығырық»  драма, 2011 жыл;
6. Н. Байтеміров «Абайлаңыз, қалыңдық» мюзикл, 2011 жыл;
7. С.Шәймерденов «Дөкей келе жатыр», 2012 жыл;
8. Б.Башбеков «Шойын қатын» 2012 жыл;
9. О. Жанайдаров «Бір, екі, үш...» заманауи оқиға 2013 жыл;
10.        Г. Хугаев "Қара шекпен" тәмсіл премьерасы 2014 жыл;
11.        Б. Шамбетов. А. Зағыппар "Дауылпаз баба – Қожаберген" дастан 2015 жыл;
12.        Ә. Кекілбаев «Махаббат мұнарасы» дала балладасы 2016 жыл;
13.        Ш. Мұртаза «Әзиза» реквием 2017 жыл;
14.        К. Гольдони  "Венециялық егіздер" 2018жыл;
15.        М. Жұмабаев "Шолпанның күнәсі" 2018 жыл;
16.        А.Н. Островский "Пайдалы орын" 2018 жыл;
17.        К. Гольдони  "Венециялық егіздер" /Павлодар облыстының Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрында/ 2019 жыл;
18.        А.П. Чехов "Кішкентай адамның үлкен трагедиясы" 2019 жыл;
19.        А. П. Чехов "Әңгімелер"  қалжыңсыз комедия /Шығыс Қазақстаноблыстық қазақ драма театрында 2020 жыл;
20. Б.Башбеков «Шойын қатын» 2021 жыл;
 
 
Фестивальдердегі жетістіктері:
 
2014 жылы Қызылорда қаласында өткен С.Майқанованың 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінде «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын Софоклдың «Эдип патша» қойылымындағы Эдип бейнесімен жеңіп алды;
 
2014 жылы Ақтауқаласында өткен І республикалық «Әбіш әлемі» театр фестивалінде Ә. Кекілбаевтың «Махаббат мұнарасы» спектаклімен қатысып «Актерлық ізденістері үшін» номинациясын иеленді;
 
2014 жылы РФ Екатеринбург қаласында өткен VIII халықаралық "Коляда- PLAYS" театр фестиваліне О. Жанайдаровтың "Бір, екі, үш..." драмасы мен қатысқан;
 
2015 жылы Бішкек қаласында өткен «АРТ-ОРДО» халықаралық театр фестивалінде Н.Гогольдің «Ревизор» комедиясындағы Дуанбасы рөлін сомдап «Үздік ер адам бейнесі» номинациясын жеңіп алды;
 
2016 жылы Ақтөбе қаласында өткен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық театр фестивалінде Қ.Толыбайұлының «Дауылпаз баба — Қожаберген» спектаклімен қатысып "Режиссерлық ізденіс үшін" номинациясын жеңіп алды;
 
2018 жылы Р. Есдаулетов атындағы ІІ республикалық театр фестивалінеде «Үздік спектакль» Бас жүлдесін «Шолпанның күнәсі» қойылымымен жеңіп алды; 
 
2019 жылы Ақтөбе қаласында өткен VІ халықаралық "Балауса" экспериментальдық спектакльдер фестивалінде «Үздік спектакль»  Бас жүлдесін «Шолпанның күнәсі» қойылымымен жеңіп алды;
 
2021 жылы Көкшетау қаласында өткен аймақтық театрлар фестивалінде А.Чеховтің әңгімелеріне құрылған «Кішкентай адамның үлкен трагедиясы» қалжыңсыз комедиясымен «Ең үздік қойылым» номинациясын жеңіп алды;
 
Марапаттары:
 
2003 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 1 дәрежелі сыйақысымен марапатталды. Және де облыстық мәдениет департаментінің, Қазақстан театр қайраткерлері одағының дипломы, грамоталарымен марапатталған. Көптеген конкурстар мен фестивальдерге қатысып, өзін шығармашыл тұлға ретінде көрсете білді.
 
2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің «Құрмет грамотасымен»  және Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» (куәлік № 2045)  төсбелгісімен марапатталған.
 
2015 жылы «Мәдениет пен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ТМД Парламентаралық Ассамблеясының төсбелгісімен марапатталды.
 
2006 жылдан бастап Петропавл Өнер колледжінде «Актер шеберлігі» пәнінің оқытушысы болып қызмет істеді.
 
Шамбетов Баатырбек Рысқұлұлы өзін болашағы зор режиссер ретінде көрсете алды. Оның койылымдары көрерменнің жүрегінен орын тапты. Өз қызметіне жауапты, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, парасатты тұлға.