Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Иман Жәнібек Қабдол-Мәжитұлы

Актер
Иман Жәнібек Қабдол-Мәжитұлы – 1994 жылы бұрынғы Торғай облысы, Арқалық қаласында туған. 2012 жылы Қостанайдағы М.Хәкімжанова №20 атындағы орта мектепті бітіп, Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің актерлік шеберлік курсына, Тілектес Мейрамның сыныбына түсті. Жоғары оқу орнын 2016 жылы тәмамдап шықты. 
Жәнібек Қабдол-Мәжитұлы 2016 жылдан бастап І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында еңбек етіп келеді. 
Алғашқы еңбек жолын бастағаннан бері ол сахнада өзін еркін ұстай білуімен қатар, әдемі дауысы және әсем пластикасы, әрі лезде образға ене білу қасиетімен өзін алғыр, дарынды актер екенін көрсете білді. Жас актер әлемдік, ұлттық драматургияның үздік спектакльдерінде ойнап көзге түсті. Атап айтқанда, «Ромео мен Джульетта» (Шекспер) – Петр көмекші; «Маугли» (Р.Киплинг) – Маугли, «Құс жолы» (Ш.Айтматов) – Жиенқұл; «Күшік күйеу» (Т.Ахтанов) – Бекболат; «Айна-ғұмыр» (Р.Отарбай) – Делдал; «Өтелмеген парыз» (Т.Әбдік)– Болат; «Қазақтар» (Шаһимардан, Қ.Ысқақов) – Сүйініш қожа; «Кішкентай адамнын үлкен трагедиясы» (Чехов) – Жіңішке; «Бір түп алма ағашы» (Ә.Оразбеков) – Тұрсын; «Сұлтанның аты-Сұлтан» (С.Ваннус) – Шейх Таха т/б басты рөлдерді сомдады. Жәнібек түр-тұлғасы келісті, дауысы қойылған, ән айтып, күй тартатын, жан-жақты маман. Мектеп қабырғасын жүріп музыкалық білім алған. 
Иман Жәнібек сахнаға сәби күнінен бастап шықты. Ата-анасы да театрдың кәсіби мамандары. Бүгінде жұбайы да актриса боп еңбек етеді. Өнерге адал берілген отбасы. 
Жәнібек Қабдол-Мәжитұлы  қоғамдық өмірге белсене араласады. Облыстық мәдени шараларға тұрақты қатысып, аймаө өнерінің өркендеуіне өз үлесін қосып жүр.