Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Күшікбай Азамат Асхатұлы

Актер

Күшікбай Азамат Асхатұлы – актер. 2001 жылы 26 маусымда Ақтөбе облысы, Әйтекеби ауданы, Басқұдық ауылында дүниеге келген. 2018 жылы Алматы облысындағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжіне оқуға түсті. Колледжді “драма актері” мамандығы бойынша Садыбеков Нұржан Әзіретұлы мен Малимова Әсия Несіпбайқызының сыныбынан үздік дипломмен бітіріп шықты.
2019 жылы өткен  ІІІ Халықаралық колледж студенттері арасындағы театр фестивалінде Р.Киплингтің “Маугли” спектаклімен қатысты. Бұл спектакль аталған фестивальде Бас жүлдені иеленген болатын. 
Колледж қабырғасында оқып жүргенде А.П.Чеховтың “Аю” пьесасындағы “Лука” рөлін сомдап, ерекше көзге түсті. Одан бөлек түрлі рөлдерді ойнады.
2021 жылы І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына жұмысқа қабылданды.