Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Төрениязов Асқар Ғафиятұлы

Актер

Төрениязов Асқар Ғафиятұлы – актер. 2001 жылы 25 мамырда Алматы облысы, Іле ауданы, Жомарт ауылында дүниеге келген. 2018 жылы Алматы облысындағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжіне оқуға түсті.
Оқып жүріп көптеген қойылымдарға қатысып, көзге түсті. 2019 жылы өткен  ІІІ Халықаралық колледж студенттері арасындағы театр фестивалінде Р.Киплингтің “Маугли” спектаклімен қатысты. Бас жүлдені жеңіп алған аталған спектакльде “Шерхан” рөлін сомдап “Үздік актер” аталымын иеленді. Одан бөлек басқа түрлі рөлдер сомдап үздіктер қатарынан көрінді.
2021 жылы І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына жұмысқа қабылданды.