Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Ханқожаев Жасұлан Рахманбердіұлы

Актер

Ханқожаев Жасұлан Рахманбердіұлы – актер. 2001 жылы 1 қаңтарда  Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 2018 жылы Алматы облысындағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжіне оқуға түсті. Колледжді “драма актері” мамандығы бойынша Садыбеков Нұржан Әзіретұлы мен Малимова Әсия Несіпбайқызының сыныбынан үздік дипломмен бітіріп шықты.
Оқып жүріп көптеген қойылымдарға қатысып, көзге түсті. 2019 жылы өткен  ІІІ Халықаралық колледж студенттері арасындағы театр фестивалінде Р.Киплингтің “Маугли” спектаклімен қатысты. Бұл спектакль аталған фестивальде Бас жүлдені иеленген болатын. 
Колледж қабырғасында оқып жүргенде Н.Гогольдің “Ревизор” пьесасындағы Добчинский рөлін жақсы сомдап көзге түсті. Одан басқа да түрлі рөлдерде ойнап, үздіктер қатарынан көрінді.
2021 жылы І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына жұмысқа қабылданды.