Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Құрмансейітов Бақытжан Таңатқанұлы

актер
Құрмансейітов Бақытжан Таңатқанұлы, актер, “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері
Құрмансейітов Бақытжан Таңатқанұлы – 1975 жылы 23 мамырда Торғай облысы, Аманкелді ауданы, Жыланшық ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 2000 жылы Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрынан бастады.
2005 жылы РФ Екатеринбург қаласының Мемлекеттік театральдік институтында Ресейдің халық әртісі Анисимов Вячеслав Ивановичтен дәріс алған.
Сомдаған рөлдері:
Отандық, әлемдік классика мен заманауи драматургия шығармаларда:
"Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" – Қодар (реж.Ж.Есенбеков), "Хан Кене" – Наурызбай (реж.С.Асылханов), "Тор" – Шиловский (реж.Ж.Есенбеков), "Айман-Шолпан" – Балпық (реж.Ж.Есенбеков), "Ит өлім" – Ленсий (реж.Қ.Бегайдаров), "Еңлік-Кебек" – Кебек (реж.Е.Төлеубай), "Мәриям-Ілияс" – Ілияс (реж.Е.Төлеубай), "Үміт" – Жетім бала (реж.Б.Ұзақов), "Күзгі романс" – Сайлау (реж.А.Уәлиев), "Есенин" – Марингоф (реж.Е.Төлеубай), "Гоголь. Пушкин" – Семён (реж.Е.Төлеубай), "Чарлидің әпкесі" – Джек (реж.Н.Жұманиязов), "Базардағы бойдақтар" – Торсықбай (реж.Е.Төлеубай), "Бір түп алма ағашы" – Тұрсын (реж.Қ.Есенғұлов), "Күшік күйеу" – Бекболат (реж.Қ.Есенғұлов), "Құдалар" – Күрішбек (реж.Қ.Есенғұлов), "Үйлену" – Яичница (реж.Ә.Баймахан), "Жаралы гүлдер" – Қасым (реж.С.Алтай), "Махаббат мейрамы" – асаба (реж.Б.Сейітмамытов), "Махаббат пен кесапат" – Аслан (реж.А.Уәлиев), "Арыңды сақта" – Батыр (реж.С.Алтай), "Кейкі батыр" –Чекист (реж.Е.Төлеубай), "№13" – Рунни (реж.Е.Қауланов), "Тіл табысқандар" – Мұқамбет (реж.Е.Қауланов), "Кім кінәлі" – Милиция (реж.Қ.Қасенов), "Махаббат, қызық мол жылдар" – Мұғалім (реж.Д.Құбаш), "Өкініш" – Отағасы (реж.Е.Қауланов), "Айна ғұмыр" – Генерал (реж.Д.Құбаш), "Еңбек Ер атандырады" – Сайран Бұқанов (реж.А.Уәлиев), "Құс жолы" – Сұбанқұл (реж.Н.Абдыкадыров), “Өтелмеген парыз” – Есеней қарт (реж.Б.Шамбетов), “Сұлтанның аты – сұлтан” – Барбир уәзір т.б рөлдерде ойнады.
Жетістіктері:
Қостанай облысының мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан  зор үлесі үшін Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының грамотасымен бірнеше рет марапатталды.
Театр саласындағы табысты еңбегі үшін 2020 жылы «Мәдениет саласының үздігі» құрметті атағының иегері болды.