Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Сүндет Зәуре Жанбосынқызы

Актриса
Сүндет Зәуре Жанбосынқызы-актриса,
1999 жылы 27 сәуірде Қызылорда облысы,Қазалы ауданында дүниеге келген. 2016 жылы №249 мектеп-лицейде 11 сыныпты аяқтап, Қазақ Ұлттық өнер университеті "Музыкалық театр әртісі" мамандығы бойынша Айгүл Иманбаева шеберханасына түсіп, 2020жылы тәмамдады. 
Университет қабырғасында оқып жүргенде А.И жеке театрында қызмет етті.

2020 жылдан бастап І. Омаров атындағы Қостанай обылыстық драма театрында қызмет етеді.

Сомдаған рөлдері:
Отандық, әлемдік классика мен заманауи драматургия шығармаларында: 
 "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" - Күнекей (реж.С. Камиев),
 "Чикаго" мюзикл - Мотрона мама Мортон (реж.А. Иманбаева),
 "Тұрандот Ханшайым" - Зелима (реж.Ж. Жұманбай),
С. Балғабаев "Красавчик" - Ләтипажан (реж. Д.Құбаш),
 "Қыз Бәтіш пен Ерсейіт" -Гуля, Гүлсім (реж. Б. Шамбетов).

Жетістіктері:
Облыстық, халықаралық байқаулардың лауреаты. 
2018жылы Алматы қаласында өткен Республикалық Пәндік олимпиадада "Жеке ән салу" номинациясы бойынша III орынға ие болды.