Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Ықласова Ақбота Әбішқызы

Актриса
Ықласова Ақбота Әбішқызы – актриса, 17 қаңтар 1999 жылы Арқалық қаласында туған.
2016-2019 жылдары Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы педагогикалық университетін "Музыкалық білім" мамандығы бойынша тәмамдады.
2019 жылдан бері І.Омаров атындағы қазақ драма театрында қызмет етіп келеді.

Сомдаған рөлдері:
Отандық, әлемдік классика мен заманауи драматургия шығармаларда:
"Жорықты жылдардың жігерлі жылдары" - Медсестра Катя ( реж. А.Баймахан), "Ақжігіт асулары" - Ыбырайдың қызы Балқадиша (реж. А.Баймахан), "Өкініш"-Келін (реж. Е.Қауланов), "Бір түп алма ағашы" - Ләйля (реж. Қ.Есенғұлов), "Махаббат қызық мол жылдар" – Зәйкүл (реж. Дос Құбаш).