Актерлер
Шара Мүсілова
ҚР “Мәдениет қайраткері” белгісінің иегері
Шара Мүсілова – актриса, Торғай облысы Аманкелді ауданы Сарытал ауылында дүниеге келді.
1997 жылы Т.Жүргенов атындағы қазақ мемлекеттік театр және кино институтын тәмәмдады. Өзінің шығармашылық еңбегін Арқалық қаласы А.Байтурсынов атындағы қазақ драма театрында бастады.
2001 жылы Қостанай қаласында қазақ драма театрының ашылуына байланысты шығармашылық еңбегін І.Омаров атындағы қазақ драма театрында жалғастырды.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық, әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Ғ.Мұсрепов «Қозы көрпеш-Баян сұлу» -Күнікей ( Ж.Есенбеков), М.Хакімжанова «Мәншүк» (баллада) – Әмина ( реж.Қ.Есенғұлов), Б.Жакиев «Әке тағдыры» -Буырыл (реж. Қ.Есенғұлов), Иранғайып «Шер шемен – Мәлім (реж. Е. Төлеубай), С.Жүнісов «Жаралы гүлдер»-Гүлсім (реж. С.Алтаев), Т.Ахтанов «Күшік күйеу» - Биғайша ( Қ.Есенғұлов), С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» (реж. А.Уалиев), Э.Фелиппо «Цилиндр» - Беттина (реж. Ж.Хаджиев), Е.Төлеубай «Жеңгетай» - Күлімкөз (реж.Е.Төлеубай), Е.Төлеубай «Боздаған бойдақтар» - Мәми (реж.Е.Төлеубай), А.Шаяхмет «Шоқанның шері» (драма) – Зейнеп (реж. А.Уалиев), У.Шекспир «Ромео Джульетта» - Дона Монтеки ( реж.Е.Төлеубай), Е.Күншуактовтың «Қызыл алма» - Құрбан апа (реж.А.Аханов), Р.Отарбаев «Айна ғұмыр» - ана ( реж. Д.Құбаш), Н.Гоголь «Үйлену» - Арина Пантелеймоновна), «Әнім сен едің» - Шәмшінің анасы (реж А.Баймахан) және тағыда басқа рөлдерді сомдаған.
2005 жылы Шара Мүсілова ҚР Мәдениет , ақпарат және спорт министрлігі мен ҚР мәдениеті мен өнерді қолдаудың мемлекеттік қорының «Мәдениет қайраткері» құрметті белгісімен марапатталды.
2016 жылы Қостанай облысы Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты.
Жақсы кәсиби жұмыс үшін Қостанай облысының мәдениет басқармасының және Қостанай облысы әкімінің Грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.