Актерлер
Чукеев Азамат Толегетаевич
Актер
Чукеев Азамат Төлегетайұлы, актер, «Мәдениет саласының» үздігі төсбелгісінің иегері.
1982 17 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында туған. 2003 жылы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын «Музыка театрының актері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Шығармашылық еңбек жолын Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында бастады. 2012 жылдан бері І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында еңбек етіп келеді.
Азамат Төлегетайұлы – жан-жақты өнерпаз тұлға. Онда актерге қойылатын негізгі талаптардың бәрі бар. Өнер адамына басты талап тәртіп болатын десек, Азамат ол жағынан аса жауапкершілікпен қарайтын актердің бірі. Театр репертуарларындағы Азаматтың оң жамбасына келген рөлдер өте көп. Әр жанрдағы қойылымдарда өзінше ерекшеленіп үнемі ізденіс үстінде жүреді. Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрынының репертуарындағы «Міржақып» спектаклінде – Голощекин, «Махаббат қызық мол жылдар» қойылымында – Тұмажан, «Хан Кене» – Ағыбай батыр, «Ыбырай» атты қойылымда-губернатор т.б сахналық образдарды шеберлікпен сомдап ерекшеленіп келеді. Театр репертуарына жаңадан қосылып жатқан драмалық жанрдағы «Өтелмеген парыз» спектакліндегі басты кейіпкер Қожабек образы барша көрерменді тәнті етті.
Талантты актер өнер саласындағы жемісті еңбегі үшін 2020 жылы Еліміздің театр өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, өзге де мәдениет саласы мекемелерінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған республикалық іс-шарада Жезқазған қаласының белгілі меценаты, «Арқаның Атымтайы» атанған Бекзат Алтынбеков тағайындаған дәстүрлі «Тұлға» сыйлығының лауреаты атанды 2021 жылы «Темірқазық – 2021» театр сыйлығы «Үздік ер бейнесі» номинациясын иеленді.
Осы жылы «Степь» фильміне түсіп, сондай-ақ, Мәскеуде өткен «Арт-Премьер» Халықаралық өнер фестивалінде үздік шығып, «Признание» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2021 жылдың мәдени өміріндегі зор жаңалықтың бірі – жаңадан ашылған Түркістан облыстық музыкалы-драма театрында драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтің «Бөрте» спектаклінің қойылуы болды. Қоюшы режиссері Италиядағы Генуя ұлттық театрының директоры, белгілі режиссер, актер әрі композитор Давиде Ливерморе, екінші режиссері Америкада, Германияда өз қолтаңбасын қалыптастырған италиялық Карло Шаккалуга болған музыкасын композитор Хамит Шанғалиев жазған тарихи спектакльге елімізден ең мықты деген артистер шақырылды. Соның бірі –әріптесіміз Азамат Чукеев.
Азамат Төлегетайұлы бұл қойылымда Шыңғыс ханның өкіл әкесі Тұғырыл ханның рөлін ойнап, көрермендер ықыласына бөленді. Заманауи үлгіде қойылған спектакль ұлттық театр тарихындағы жаңа белес. Актер осы драмада ойнау арқылыөзінің жан-жақты қабілетін, Қостанай театрының әлеуетін республикалық, шетелдік театр сыншылары алдында паш етті.
Азаматтың 2022 жылдағы зор табысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қойылған «Алаштың Ахметі» драма-элегиясында басты кейіпкерді сомдауы. Қостанай облысында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығының ресми ашылуында Ұлт ұстазының бейнесін тірілтіп, көрермен ықыласына бөленді.
Отбасылы, төрт баланың әкесі.