Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Тұрсынова Диана Байдәулетқызы

Актриса
Тұрсынова Диана Байдәулетқызы  –  актриса,  Қостанай облысы, Жітіқара қаласында дүниеге келген.  
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. "Музыкалық драма театр актері" мамандығы бойынша профессор Е.Н.Обаевтың шеберханасын тәмамдаған. 
2013 жылдан бастап І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында еңбек етеді.
Сомдаған рөлдері:
Отандық, әлемдік классика мен заманауи драматургия шығармаларда: 
"Мәриям-Ілияс" - Зияш Қалауова (реж.Е.Төлеубай), "Тіл табысқандар" - Дездемона (реж.Е.Қауланов), "Кім кінәлі" - Майраш (реж.Қ.Қасенов), "Хан Кене"- Алтыншаш (реж. С.Асылханов), "Қыз жиырмаға толғанда" - Жібек (реж.Е.Төлеубай), 
"Ромео мен Джульетта" - Джульетта (реж.Е.Қауланов), "Әнім сен едің" - Изольда (реж. Ә.Баймахан), "Үйлену" - Агафья Тихоновна (реж. Ә.Баймахан),
"Қаламгер" - Шұға (Ә.Баймахан), 
"Ақбас бүркіт" - Аяна (реж.К.Дуйсеналиев),
"Ақжігіт асулары" (Ақан туралы тамшылар...) - Ақтоты (реж. Ә.Баймахан),
"Дуэль"- Нәзи (реж. Д.Құбаш),
"Маугли" - Багира (реж.А. Қайырбекова),
"Сиқырлы айна" -  Жалмауыз кемпір (реж.А.Уалиев) 
"Щелкунчик"- Принцесса (реж.А.Баймахан).

 Жетістіктері:
2015 жылы Қостанай облысының мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін мақтау қағазымен марапатталды.
2019 жылы Қостанай облысы меценаттар клубының "Шабыт" сыйлығының лауреаты, V Республикалық этникалық театрлар фестивалінде «Үздік әйел образы» номинациясының дипломанты атанды.