Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Жапаров Мейрам Сүгірбайұлы

Актер
Жапаров Мейрам Сүгірбайұлы – актер, 1964 жылдың  1 мамыр күні Торғай облысы, Амангелді ауданы, Байғабыл ауылында дүниеге келді.
1986 жылы Арқалық музыкалық училищесінің вокал бөліміне оқуға түсіп, 1990 жылы оқу орның аяқтаған. Сол жылы Амангелді ауданында музыка мектебінен ән класын ашты. Біраз жылдар ауданның оркестірімен ән шырқады. 1997 жылдың қаңтарында Арқалық театрының шақыртуымен театрға актер болып қабылданды. 2000 жылы Қостанайдан театр ашылып, облыс әкімі Өмірзақ Шукеевтың шақыртуымен Қостанай қаласына ауысты.
 
Сомдаған рөлдері:
Ұлттық, әлемдік  классика мен заманауи драматургияда:
Ә.Кекілбаев «Абылайхан» -  Абылайхан, Шарыш (реж.Ж.Есенбеков), «Қозы Көрпеш Баян сұлу» -  Қодар (реж. Ж.Есенбеков), «Хан Кене» - Ағыбай (реж. С.Асылханов), «Әке тағдыры» -Шаршеке (реж. Қ. Есенғұлов), «Метрампаж» - Олег (реж.Е.Қауланов), «Айман-Шолпан»- Арыстан батыр (реж.Ж.Есенбеков),  «Ең әдемі келіншек» - Абдолла (реж.А.Уалиев), «Махаббат мейрамы» - Милиционер (реж.Б.Сейтмамытов), «Мәншүк» - Генерал (реж. Қ.Есенғұлов), «Гамлет» - Поп (реж.Е.Төлеубай ), «Бір түп алма ағашы» - Зарқынбек ( реж. Қ.Есенғұлов), «Келіндер көтерілісі» - Полковник (реж. А.Уалиев), «Чарлидің әпкесі» - Қызметші (реж. Н.Жұманиязов), «Дала шамшырағы» - Ыбырай, Нұржан  (реж. Е.Төлеубай), «Шоқанның шері- Шоқанның нағашысы (реж.-А.Уалиев), «Күшік күйеу» - Қабанбай (реж.Қ.Есенғұлов), «Махамбет»- Исатай (реж.Ж.Есенбеков), «Шершемен» - Бас уәзір (реж. Е.Төлеубай), «Өкініш» - Шал (реж.Е.Қауланов),   «Қыз жиырмаға толғанда» - Қыздың әкесі (реж. Е.Төлеубай), «Айна ғұмыр» - Шал (реж.Д.Құбаш), «Ақбас бүркіт» -МаоДзе Дун (реж.Қ,Бейшаналиев), «Әнім сен едің»  (Шәмші туралы тамшылар...) –Барон (реж. А.Баймахан), «Ақжігіт асулары» - Ақсақал (реж.А.Баймахан), « Құс жолы»  - Үсенбай (реж.Н.Абдыкадыров) т.б. сахналады.
 
Жетістіктері:
2002 жылы Қостанай облысы мәдениет басқармасының «Алғыс хаты».
2005 жылы Қостанай облысы әкімінің Грамотасы.
2012 жылы Қостанай облысы Меценаттар клубының «Арнайы сыйлығының» иегері.
2015 жылы  Қазақстан театр қайраткерлері Одағының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.