Актерлер
Иманов Қабдол-Мәжит Сүндетұлы
ҚР “Мәдениет қайраткері” белгісінің иегері
Қабдол-Мәжит Иманов 1957 жылы 6 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Шұнғай бекетінде дүниеге келген.
ҚР “Мәдениет қайраткері” төсбелгісінің иегері
1981 жылы Алматы театралды-көркемсурет институтын, қазіргі Т.К.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын тәмәмдады. Өзінің шығармашылық еңбегін 1981 жылы Махамбет атындағы Гурьев ( Атырау) қазақ драма театрынан бастады.
2002 жылы І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының ашылуына байланысты шақырумен келіп, шығармашылық еңбегін сахна шебері болып жалғастырды.
Қабдол-Мәжит Сүндетұлы халықтың ортасынан шыққан, ұлттық тәрбиенің қайнарынан сусындаған өскен дарын. Сахнада өзіне сенімді, нық, ұстайды, қай образды да түрленте алатын өнерпаз. Сахнадағы 40 жылдан астам еңбек өтілінде ол жүзге тарта рөлдерді сомдады.
Сахнадағы негізгі рөлдері:
Ұлттық, әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш Баян сұлу» – би, (реж. Ж.Есенбеков), Э.Филиппо «Цилиндр» – Антио, (реж. Ж.Хаджиев), М.Әуезов «Еңлік Кебек» – Көбей би (реж.Е.Төлеубай), А.Несіпбаев «Желтоқсан» – Ақсақал (реж. Е.Төлеубай), Қазығұл «Абай» – би, (реж. Е.Төлеубай), С.Тұрғынбеков «Кейкі батыр» Токаров, Е.Төлеубай «Мариям,Илияс» – Шәріп, (реж. Е.Төлеубай), І.Есенберлин «Хан Кене» – Горчаков (реж.С.Асылханов), М.Әуезов «Айман Шолпан» – Маман бай, (реж. Е.Төлеубай), Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» – Әуенов (реж.Д.Құбаш), У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» – әулие әкей (реж. Е.Төлеубай), Р.Отарбаев «Айна Ғұмыр» – генерал (реж.Д.Құбаш) , Қазығұл «Міржақып» – Ахмет Байтұрсынов (реж. Е.Төлеубай), Е.Төлеубай «Боздаған бойдақтар» – Тәшен (реж.Е.Төлеубай), А.Шаяхмет «Еңбек Ер атандырады» – Балкен (реж.А.Уәлиев), С.Досанов «Ақбас бүркіт» Ворошилов (реж Қ. Дүйшеналиев, Қырғызстан), Ш.Башбеков «Темір қатын» – Суан молда (реж.Б.Шамбетов) т.б. рөлдерді сахналады.
2005 жылы Қостанай облыстық қазақ драма театрының деңгейін көтеруге үлкен үлес қосқаны үшін ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды. Одан бөлек бірнеше мәрте облыс, басқарма басшысының алғыс хаттарын алған.
Ұзақ жылдан бері Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының мүшесі.
Қабдол-Мәжит Сүндетұлы өнерге өмірін арнаған жан. Жұбайы Ақдәмен Досанова, баласы Жәнібек Иман, келіні Нәзира Иман театр қызметкерлері. Қоғамдық өмірге белсенді араласып тұрады.