Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Ищанова Әсем Орынбайқызы

Актриса
Ищанова Әсем Орынбайқызы- актриса. 1990 жылы 19 қаңтарда Целиноград облысы, Қима ауданы, Ешім ауылында дүниеге келді.
Ақан Сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің түлегі. 2010-2014 жылдары Ресей Федерациясы Челябинск мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының түлегі. 
2009 жылдан бастап Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театрында қызмет етіп келеді. 
Сомдаған рөлдері:
Отандық, әлемдік классика мен заманауи драматургия шығармаларында: 
 "Арыңды сақта" -Самалгүл(реж.Е.Төлеубай),"Ер Сұлтан "-Зейнеп(реж.Е.Төлеубай),"Боздаған бойдақтар"-Кәкіш (реж. Е.Төлеубай),"Кейкі"-бала (реж. Е.Төлеубай),"Дала шамшырағы"-Айғаныс (реж. Е.Төлеубай), "Әке тағдыры"- Майраш (реж.Қ.Есенғұлов), "Күшік күйеу"-Ботка(реж.Қ.Есенғұлов)"Махаббат қызық мол жылдар " -Меңтай (реж. Е.Төлеубай), "Қызыл алма"-Рушана (реж.Ә.Ақанов), "Ақжігіт асулары"-Ақтоқты (реж.А.Баймахан),"Құс жолы"-Ұрының әйелі (реж.Н.Абдықадыров) және көптеген ертегілер.

Жетістіктер:
2014 жылы Қазақстан Театр қайраткерлері Одағынан Құрмет грамотасымен марапатталды.