Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Бірмағамбетова Айым Досымқызы

Актриса
Бірмағамбетова Айым Досымқызы- актриса, 1992 жылы 9 наурызда  Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген.
2009-2013 жылдары Көкшетау қаласы Ақан сері мәдениет колледжінде "театр ұжымының жетекшісі" мамандығы бойынша білім алды. Еңбек жолын І.Омаров атындағы қазақ драма театрынан бастады.

Сомдаған рөлдері:
Отандық, әлемдік классика мен заманауи драматургия шығармаларда:
 "Құдалар" - Әсел (реж.Қ.Есенғұлов), 
"Күшік күйеу" - Алма (реж.Қ.Есенғұлов),
"Бір түп алма ағашы" - Лайла (реж.Қ.Есенғұлов),
" Гоголь" - Наталья Гончарова (реж. Е. Төлеубай),
"Кім кінәлі" - Майраш (реж.Қ.Қасенов),
 "Боздаған бойдақтар" - Перуаш  (реж. Е. Төлеубай), 
"Махаббат қызық мол жылдар" - Майра, Меңтай (реж.Д. Құбаш),
"Қызыл алма" - Рушана  (реж.Ә.Ақанов),
"Өкініш" - келін (реж.Е.Қауланов),
"Ақыл мен алтын" - Ақ сайтан (реж.Е.Төлеубай), "Бразилия байлығы" - Мысық флора (реж.Е.Төлеубай), "Аңдардың қыстағы" - Қой (реж.Қ.Маратұлы).