Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Бегайдарова Зәмзәгүл

ҚР “Мәдениет қайраткері” белгісінің иегері
Бегайдарова Зәмзәгүл Жүсіпқызы – 1971 жылы 1 желтоқсанда Қостанай облысы Жангелдин ауданы, Қызылоба ауылында дүниеге келді. 1990 жылы Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы Мәдениет институтына оқуға түсті. 1994 жылы Арқалық педагогикалық институтының музыка бөлімін тәмамдады. 
Еңбек жолын Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрында бастады.
Алғашқы рөлі Ш. Айтматовтың «Арманым менің Әселім» спектаклінде (Қоюшы режиссері Ж.Хаджиев) Әсел образын сомдап, сыншылар тарапынан оң баға алды. 2000 жылы Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрына арнайы шақыртумен келіп, жұмысқа орналасты. 
Әлемдік және ұлттық классикеа мен заманауи спектакльдерьде сомдаған рөлдері: 
Ғ. Мүсірепов «Қозы – Көрпеш – Баян сұлу» – Баян (реж.Ж. Есенбеков), «Хан Кене» – Алтыншаш (реж. Асылханов Сәулебек), «Цилиндр» – Рита (реж. Ж.Хаджиеев), «Міржақып» – Бәдрисафа апа (реж. Е. Төлеубай), «Дала шамшырағы» – Бейбақ (реж. Е. Төлеубай), «Гамлет» – Гертруда (реж. Е. Төлеубай), «Күзгі романс» – Сюзана (реж. Архат Уәлиеев), «Кейкі батыр» – Ақжан (реж. Е. Төлеубай), «Боздаған бойдақтар» – Бітінә (реж. Е. Төлеубай), «Өкініш» – Ана (реж. Е.Қауланов), «Айман – Шолпан» – Айман (реж. Е. Төлеубай), «Ромео – Джульетта» – күтуші әйел (реж. Е.Қауланов), «Үйлену» – Фекля (реж. Ә. Баймахан), «Қызыл алма» - Сайдабану (реж. А. Аханов), «Құс жолы» Толғанай (реж. Н.Абдыкадыров), «Бөрте» – Сатын (реж. Давиде Ливерморе), (АЛЖИР» – Күнжамал Майлина (реж. Б.Шамбетов), «Алаштың Ахметі – Бәдрисафа (Қ.Қасым) т.б. көптеген рөлдерді шеберлікпен орындап келеді.
Жетістіктері:
2005 жылы Қ.Жандарбеков пен Қ.Байсейітовтің 100 жылдығына арналған XIII Республикалық театрлар фестивалінің лауреаты.
2010 жылы ҚР Мәдениет қайраткері құрметті атағы берілді; 
2010 жылы Композитор,ақын И.Байзақовтың 110 жылдық мерейтойына арналған драмалық және музыкалы-драма театрлары әнші-актерлерінің Республикалық байқауының II орын жүлдегері және лауреат атағына ие болды. 
2021 жылы драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтің «Бөрте» спектаклінде (Қоюшы режиссері Италиядағы Генуя ұлттық театрының директоры, белгілі режиссер, актер әрі композитор Давиде Ливерморе, екінші режиссері Америкада, Германияда өз қолтаңбасын қалыптастырған италиялық Карло Шаккалуга) Бөртенің анасы Сатынның рөлін ойнап, көрермендер ықыласына бөленді.
Зәмзәгүл Жүсіпқызы жетілген, жан-жақты актриса. Қоғамдық өмірге белсене араласады. Әншілік өнерімен де танымал.