Актерлер
Бегайдаров Олжас Қонысбекұлы
Актер
Бегайдар Олжас Қонысбекұлы, актер, “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері
Бегайдар Олжас Қонысбекұлы – 1982 жылы 1 қыркүйекте қазіргі Ақмола облысы, Қима ауданында дүниеге келді.
2003 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын "Музыкалық драма театр актері" мамандығы бойынша Р.Машурованың сыныбынан тәмәмдады. Шығармашылық еңбек жолын Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында бастады.
2010 жылдан бері І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында еңбек етіп келеді.
Сомдаған рөлдері:
Отандық, әлемдік классика мен заманауи драматургия шығармаларда: "Гамлет" – Горацио (реж.Е.Төлеубай), Қазығұл "Абай"- Мағауия (реж. Е.Төлеубай), "Күшік күйеу" – Бекболат ( реж. Қ.Есенғұлов), "Кейкі батыр" – Шұбар, (реж. Е.Төлеубай), "Өкініш" – Шал (реж. Е.Қауланов), "Гоголь" –Гоголь (реж. Е.Төлеубай), "№13" – Джордж ( реж. Е.Қауланов), "Маугли" – Акела (реж.А. Қайырбекова), "Əнім сен едің" – Шәмші (реж. Ә.Баймахан), "Үйлену" – Жевакин (реж. Ә.Баймахан), "Айман-Шолпан" – Қортық шал (реж. Е.Төлеубай), "Боздаған бойдақтар" – Қорсанбай (реж. Е.Төлеубай), "Хан Кене" – Қасымхан (реж. С.Асылханов), "Годоны күте-күте" – Лаки (реж.М.Жумабаев), "Құс жолы" - Ажал (реж.Н.Абдыкадыров), “Үлкен адамның кішкентай трагедиясы” – Мұжық, шенеунік, ит (реж.Б.Шамбетов), “Темір қатын” – Қошқарбай әка (реж. Б.Шамбетов), “Өтелмеген парыз” – Тышқанбай (реж.Б.Шамбетов), “Сұлтанның аты – сұлтан” – Аркуб” (реж. Б.Абдураззаков) т.б рөлдерді сомдады.
Жетістіктері:
2013 жылы Ə.Мəмбетовтің 80 жылдығына орай Орал қаласында өткен фестивальде "Ең үздік екінші пландағы ер адам бейнесі" үшін номинациясын иеленді. 2017 жылы Қостанай облыслық меценаттар клубының “Шабыт” сыйлығын “Үздік актёр” атылымы бойынша жеңіп алды. 2018 жылы Жезқазған қаласында өткен Ж.Хаджиев атындағы халықаралық фестивальде "Ең үздік ер адам бейнесі" үшін номинациясымен марапатталды.
2019 жылы Жезқазған қаласында Өнер саласындағы іргелі жетістіктері мен кейіпкер образын сомдаған шеберлігі үшін Театр өнерінің саңлағы Қонысбек Бегайдаров атындағы сыйлықтың иегері атанды. 2021 жылы Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Әшірбек Сығай атындағы «СЫН –ШЫН БОЛСЫН...» республикалық театрлар фестивалінде «Ең үздік роль» номинациясын иеленді.
Театр саласындағы табысты еңбегі үшін 2020 жылы «Мәдениет саласының үздігі» құрметті атағының иегері болды.
Олжас Бегайдаров бүгінде республикаға танымал, театр сыншыларын мойындатқан, жан-жақты актер. Отбасылы. Жұбайы Жібек Үсенова актриса болып жұмыс істейді.