Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Әуезханова Қымбат Сырбайқызы

Актриса
Әуезханова Қымбат Сырбайқызы- актриса, 13 ақпан 1992 жылы Қостанай облысы, Жангелді ауданында туған.
2009-2013 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік-педагогикалық институтын "Қобыз аспабы" мамандығы бойынша тәмамдаған. 
2014-2016 жылдар аралығында Жангелдин аудандық мәдениет үйінде, Арқалық қаласындағы Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында еңбек етті.
2016 жылдан бастап Қостанай облыстық қазақ драма театрының актрисасы.

Сомадаған рөлдері:
Отандық, әлемдік классика мен заманауи драматургия шығармаларда:
"Құдалар" - Әсел (реж.Қ. Есенғұлов), "Әке тағдыры" - Майраш (реж.Қ. Есенгұлов), "Маугли" - Ана бөрі (реж.А. Қайырбекова), "Күшік күйеу" - Алмушка (реж.Қ.Есенғұлов), 
"Махаббат қызық мол жылдар" - Майра (реж.Д. Құбаш), "Бір түп алма ағашы" - Ләйлә (реж.Қ. Есенғұлов), " Әнім сен едің" - Сағыныш (реж.А.Баймахан), " Үйлену" - Дуняша (реж.А.Баймахан), " Жорықты жылдардың жігерлі жырлары "- Қатира (реж. А.Баймахан), "Ботақара-Шешенбике" - Аймаңдай (реж.А.Баймахан),  "Қаламгер" - Гүлжамал Майлина (реж.А.Баймахан), "Ақжігіт асулары "- Балқадиша (реж.А.Баймахан), "Айна ғұмыр "- Кіші келін (реж. Д.Құбаш), "Мұңмен алысқан адам" - Маржан (реж.Е.Төлеубай), "Құс жолы" - Толғанайдың жас кезі (реж. Н.Абдыкадыров).

Жетістіктері:
2019 жылы "Абақ керей Ботақара батыр" қоғамдық бірлестік басқармасы атынан мақтау қағазы (Моңғолия Республикасы Баян-Өлгей аймағы, Өлгей қаласы) мен "Бейімбет Майлин" қоғамдық қорының алғыс хатының марапатталды.