Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Мекеме жаңалықтары

«Айналайын!»

Халықаралық балалар күніне орай І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры мен  Қостанай қаласындағы №28  қазақ мектеп-гимназиясының біріккен жобасы  «Айналайын!» мерекелік   шарасы өнер ордасында өтті. Бұл шараға қайырымдылық ретінде  облыс орталығындағы мүгедектер қоғамынан да балалар шақырылды. Театрдың кішкентай көрермендері бұл жолы театрмен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Олар алдымен «Бұртима» ертегі-спектаклінің кейіпкерлері Ойын ата, Бұртима, Маймақ, Елгезекпен кездесті. Олармен қызықты ойындар ойнады. Топтарға бөлінген кішкентайлар ертегі кейіпкерлерінің суреттерін салып жарысты. Жеңімпаз топтар театр басшылығының  «Алғыс хатымен» марапатталды, оларға тәттілер таратылды.