Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Мекеме жаңалықтары

Мейрам Жапаров 60 жас

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының іргетасын қаласқандардың бірі,  актер Мейрам Жапаровтың 60 жасқа толу құрметіне өзі басты рольде ойнайтын М.Байжиевтің «Құдалар» спектаклі (режиссері Қ.Есенғұлов) қойылды.  Көрермендер қойылымды жылы қабылдады. Басты роль Күрішбектің бейнесін сомдаған Мейрам Жапаровқа  деген ықыластарын гүл шоқтарымен білдірді.  Спектакль соңында мерейтой иесіне құрмет көрсетіліп, театр басшысы Асхат Зауатбек ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Аликуловтың Мейрам Сүгірбайұлына Құттықтау хатын және  Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Тұңғышбай Жаманқұловтың,  М.Әуезов атындағы  академиялық қазақ ұлттық драма театрының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Еркін Жуасбектің Құттықтау хаттарын табыс етті. Сонымен қатар, Асхат Мұратұлы мерейтой иесін ұжым атынан құттықтап, иығына шапан жапты және театрдың еңбекторысына ізгі тілегін айтты. Мейрам Сүгірбайұлының  алдағы уақытта жақсы рольдерімен көрерменін қуанта беретініне сенім білдірді.