Мекеме жаңалықтары
І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына тағайындалған жаңа басшы Асхат Зауатбек ұжыммен алғашқы жиналысын өткізді.
І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына тағайындалған жаңа басшы Асхат Зауатбек ұжыммен алғашқы жиналысын өткізді. Мұны жаңа басшының ұжыммен танысуы ғана емес, театрішілік жұмыс жүргізу саясатының жаңа реформасы деуге әбден болады. Жиналыста басшы театрда осыған дейін босаңсып кеткен салалардың жұмысын пысықтауды басты міндет етіп қойды. «Театрдың діңгегі – актер. Сондықтан басшыдан бастап, барлық қызметкерлер актерлердің сапалы жұмыс істеуіне жағдай жасауымыз керек. Театрдың ішіндегі жұмыстар ретке келтірілмей, көрерменге сапалы дүние ұсыну мүмкін емес» деді Асхат Мұратұлы. Театрдың жаңа жетекшісі ол үшін репертуар саясатын қайта қарап, қайта жасау, кадр мәселесіне баса назар аудару, құжаттама жүргізу ісіне нақты жүйе жүргізу, көркемдік кеңес мүшелерін қайта құрып жасақтау, барлық әкімшілік кадрдың жұмысына тыңғылықты саясат енгізу, даму бөлімін қайта жасақтау, жұмыс уақыты балансын пысықтау, әр қызметкердің өзіне бекітілген міндеттемелерді тиянақты орындауына баса назар аударуды айырықша қадап айтты. Сонымен қатар, фестивальдерге қатысу, гастрольдік саясатты қайта жан-жақты пысықтау, награда мәселесін бір жүйеге келтіру, театрдың өз фестивалін өткізу, шетелдік режиссерлермен жұмыс жасап, тәжірибе алмасу да алдағы уақытта театр жұмысының сапасын да, беделін де көтере түсетін кепіл болмақ.
Жиналыста ұжым мүшелері театр жұмысын жақсартудағы өз пікірлерін де ортаға салды. Актерлердің демалыс мәселесі, жұмыс барысындағы кесте, спектакльдерге костюмдер дайындау уақытының сәйкессіздігі сияқты көптеген мсәселелер де шешімін күтіп келді. Ең бастысы, басшы да, актерлер де ұжымдағы ынтымаққа үлкен мән бере сөйледі. Ынтымақ бар да, жұмыс та бар, сапа да бар, құрмет те, бақ-береке де сыртқа кетпейді. Жұмыстың жаңа бағыты айқындалғаннан кейін көңілдегі кірбің де көктем қарындай еріп, ұжымда бір тазару байқалғандай. Өнер мен ұлттық құндылықтарымыздың ордасы театр да жаңғырып, жаңарғандай леп байқалады.
Әрине, мұның барлығы бір сәтте атқарылатын шаруа емес, жұмыстың бағыты. Алдағы уақытта ұжым болып ұйысып игілікті істер атқарылатын болады. Ал өзекті мәселелер де заң аясында шешімін табатынына сенім мол. #Qostanayteatr#