Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Мекеме жаңалықтары

Апат айтып келмейді

Апат айтып келмейді. Жылдағы  қардың еріген қызылсуы емес, биылғы топан су  елдің есін шығарып тұр.  Торғай өңіріндегі судың беті қайтқанда,  енді Тобыл өзеніне жақын орналасқан  елді мекендерге аса қауіп төнді, жағалаудағы ауылдар суда қалды. Қостанай қаласында да төтенше жағдай қалыптасты.  7 сәуір күні қала әкімі Марат Жүндібаев тұрғындарға үндеу тастап, маңызды нысандарды барынша  қорғау үшін  еріктілерді көмекке шақырды. Төтенше жағдай  құтқарушылары мен еріктілер де түннен бері тыным тапқан жоқ, шаршағаны белгілі. Сондықтан  өзге қостанайлықтармен қатар  І.Омаров атындағы  облыстық қазақ драма театрының актерлері де әкім сөзіне құлақ түрмей отыра алмады, туған жердің   амандығы жалпыға қымбат. Өздері ойнайтын «Үрей. ІІІ Империя» атты сппектакльді тоқтатып, олар да топансумен алысып жатқан жерлерге келе іске кірісіп кетті. 
#Qostanayteatr#