Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Мекеме жаңалықтары

І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына жаңа директор тағайындалды.

І.Омаров атындағы Қостанай  облыстық қазақ драма театрына жаңа директор тағайындалды.    Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов театр  ұжымына Асхат Мұратұлы Зауатбекті таныстырды. Сала басшысы театрда алда атқарылар жұмыстар мен шешімін күткен істерге тоқталып өтті. Театр көрермендердің ұлттық рухани қазынамыздан нәр алатын орны болғандықтан, оның репертуарында да алдымен ұлттық әдебиетімізге, қазақ драматургиясының маржандарына  басымдық берілуі керектігі айтылды.   Құралбек Бүркітбайұлы осыған дейін  өнер ордасына басшылық еткен Азамат  Чукеевке рахмет айтты. Сонымен қатар, театр актерлері мен қызметкерлерінің көптеген сұрақтарына жауап берді. 
#Qostanayteatr#