Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Мекеме жаңалықтары

Өткен жылды жетістіктермен шығарып салды

І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма  театрында  Облыстық  мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратовтың  қатысуымен  өткен жылды қорытындылау- есеп беру жиналысы өтті.   Онда  театр  басшысы  Азамат Чукеев  өнер отауында 2023 жылы  атқарылған жұмыстар туралы баяндады.  Театр  есепті уақытта  көрермендерге 192 қойылым ұсынды. Оны 28 547 көреремен тамашалады.  Жаңадан  6 спектакльдің  премьерасы өтті.  Театр жыл тәулігінде  Ақтау, Арқалық, Рудный қалалары мен Алтынсарин ауданына гастрольге шықты.  Атырау және Көкшетау  қалаларында өткен республикалық және халықаралықө  театр фестивальдеріне қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
         Азамат Төлегетайұлы театрдың осындай жетістіктерімен қатар, өзекті деген мәселелерге де тоқтады. Ең алдымен театрда кадр мәселесі шешімін күтеді. Жас актерлер шақыру үшін баспана мәселесі көлденең тұрады.  Сонымен  қатар,  театр ғимаратын жөндеу де осы кезге дейін созылып келеді.
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов  театр ұжымының өткен жылды лайықты қорытындылаған атап өтті. Дегенмен, ттеатр тынысы туралы әлеуметтік желіліерде ақпараттардың жеткілікті болуы керектігін,  театрлық-маркетингтік жұмыстарды жандандыру, адамдарға  сұлулық, рухани азық беретін  өнер отауының «театр киім ілгіштен басталады» қағидасына лайық болуы керектігін ескертті. Жаңа кадрлар үшін баспана мәселесінің шешімін табатынына  сендіре  отырып,  өнер ұжымына  жаңа басталған жылда табыстар тіледі.