Мекеме жаңалықтары
ЖАҢА МАУСЫМНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ ТҮРІЛДІ !!!
І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының биылғы XXIV - маусымы 15 қыркүйек күні М.Жұмабаевтың "Шолпанның күнәсі" шығармасымен (реж. Б.Шамбетов) басталды. Жаңа маусымның бұл күнге орайластырылуының символдық мәні де жоқ емес. Театр ұжымы 2000 жылы 14 қыркүйекте ең алғашқы қойылымын көрермен назарына ұсынған еді. Биыл шығарма авторы, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы М.Жұмабаевтың 130 жылдығы. Осы маусымның беташар қойылымын көрермен қауым да жылы қабылдады.
Театр ұжымы қазан айында Арқалық қаласына гастрльдік сапармен барғалы отыр.
Қараша айында Атырау қаласында Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай театрлар фестивалі болады. Өнер додасына Ілекең театры "Алжир" спектаклін апарғалы отыр.
Алдағы уақытта Қасиетті Тобыл - Торғай өңірін, сүйікті көрерменін қазақ театры тың туындылармен қуантатын болады.