Мекеме жаңалықтары
ТЕАТР ТАРЛАНЫНА ТАҒЗЫМ!
І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында белгілі режиссер, «Қазына» сыйлығының иегері, марқұм Жамбылбек Есенбековті еске алу кеші өтті. Тағзым шарасы барысында марқұмның өмірлік серігі, өнердегі тірегі болған жары Айсәуле Есенбековамен кездесу ұйымдастырылды.
Жамбылбек Ес енбеков елімізде үш театрдың негізін қалаған режиссер ретінде танымал. Егер көзі тірі болғанда ол биылғы 10 қыркүйекте 81 жасқа толар еді. Жамбылбек Игілікұлы Қостанай театрының алғашқы көркемдік жетекшісі болды әрі ұжымды жасақтауға өлшеусіз еңбек сіңірді. Режиссер сахналаған спектакльдер көрермен ілтипатына бөленіп, фестивальдерде жүлделі орындарды иеленді. Мұның бәрі театр тарихында өшпестей болып жазылған.
Еске алу кешінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі О.Жақсанов, филармониясының әншісі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері М.Кәдіров, әріптестері Қ.Бегайдаров, Қ.Иманов, А.Досанова, З.Бегайдарова, Б.Таңатқанұлы, Қ.Маратұлы сөз сөйлеп, жарқын естеліктерін айтып, сағыныш қылын шертетін әндер орындалды. Қостанай облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Роза Олжабаева Жамбылбек Есенбековтің ерен еңбегіне тоқталып, театр ұжымына алдағы 23 маусымда зор табыстарға жетуіне тілектестік білдірді.
Айта кету керек, іс-шара театрдың ашылған күніне орай ұйымдастырылды. Осыдан 22 жыл бұрын, яғни, 2000 жылдың 14 қыркүйегінде театр шымылдығы алғаш рет түрілген болатын.