Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Мекеме жаңалықтары

«Талантқа тағзым»

«Талантқа тағзым» тағылымдық кешінен асығыңыздар!
Көрнекті қайраткер І.Омаровтың шапағатын көрген шәкірттері, Мәскеудегі М.С. Шепкин атындағы жоғары театр училищесінің түлектері Қайыпберген, Шаһарбанум Есенғұловтардың есімі елге кеңінен таныс. Қазақ өнерінің қос аққуы өмірінің соңғы жиырма жылын Қостанай театрына арнады. Ілекең театрының негізін қалап, ұжымның ата-анасына айналды. Олардың қолтаңбасы театр тарихында мәңгі жасай бермек! 
Жарты ғасыр жұптары жазылмаған қос саңлақ бақиға да қол ұстанып аттанды. Биыл аяулы жандардан айрылып қалдық. Бұл қазақ театр өнері үшін ауыр қаза! 
Қостанай театрында ерлі-зайыпты Есенқұловтардың рухына арналған  «Талантқа тағзым» еске алу кеші өтеді. Шара барысында арнайы көрме жайылып, театр музейі жанынан ашылған мүйістің таныстырылымы ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, көрермен ықыласына бөленген «Бір түп алма ағашы» спектаклі ұсынылады. 
«Бір түп алма ағашы» - Қайыпберген ағаның режиссерлік қолтаңбасы. Қойылымда Ана рөлін сомдаған Шаһарбанум апаның бейнесі көрермен жадынан өшпесі анық. Әйтсе де, «орнында бар оңалар», ізбасар әріптестері асылдардың орнын жоқтатпақ емес. Қос тұлғаның құрметіне сүйікті спектакльдеріңізді назарларыңызға ұсынамыз!  
Құрметті көрермен, «Талантқа тағзым» тағылымдық шарасы 31 қазан күні, сағат 16.30-да  музей залынан басталып, 17.00-де «Бір түп алма ағашы» спектаклімен жалғасын табады. 
Құрметпен Қостанай театры