Мекеме жаңалықтары
Қостанайдың қазақ театры
Қостанайдың қазақ театры – Тәуелсіздіктің жетістігінің бірі
Біз, Рудный қалалық ардагерлер кеңесінің бір топ мүшесі, яғни, он бес зейнеткер І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына барып қайттық. Театр басшылығы құрақ ұшып қарсы алды, бәрімізге тегін билет берді. Ғимарат ішінен жаңадан музей ашылған екен, соны аралатып, өткен күн еске түсіп, бір рухани серпіліп қалдық.
Мен «бұл театрдың байырғы көрерменімін» деп мақтанышпен айта аламын. 1972 жылы Арқалықта жаңа театр ашылды. Сол ұжымның тіреуі болған марқұмдар Жамбылбек Есенқұлов, Өзбек Мұқашов, ерлі-зайыпты сахна саңлақ тары, Мәскеудегі М.С . Шепкин атындағы жоғары театр училищесін бітіріп келген Шаһарбанум, Қайыпберген Есенқұловтардың суреттері көзіме оттай басылды. Торғай театрының тарландары кейін Қостанай театрына ауысып, әлі күнге қызмет етіп келеді. Негізін осындай тұма бұлақтан алған өнер ордасы қалай осал болсын?! Көкшетауда өткен аймақтық театр фестивалінде Қостанайдың «үздік қойылымды» жеңіп алуы бекер емес екен деген ой түйдік.
Біз тамашалаған «Темір қатын» қойылымы көңілімізден шықты. Театрдың көркемдік жетекшісі, режиссер Баатырбек Шамбетов қазіргі күннің өзекті мәселесін көтерген екен. Ұжым репертуары бай, қамтыған тақырыптары ауқымды. Театр жанкүйері ретінде бұл бізді қуантты!
Біз сапарлаған 24 қазан менің құжат жүзіндегі туған күнім еді. Сол күні 80 жасқа толдым. Ұзақ жылды еңбегімді елеп, Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің көп алдында алғыс хат табыстағаны мерейімді тасытты. Осындай әсерлі кешті ұйымдастырған театр директоры Әлімхан Мырзаханға мың алғыс!
Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл! Бұл үлкен белес. Осы жылда жеткен жетістігіміздің бірі Қостанайда қазақ театрының ашылуы деп білемін. Театр – руханият ордасы. Ал, рухы биік елдің қашанда жүзі жарқын, келешегі нық.
Қарттарды құрметтеген Қостанай облыстық қазақ драма театры ұжымына мың рахмет! Әрқашан биіктен көрініп, Тәуелсіз еліміздің жастарының рухани кемелденуіне үлесін қоса берсін!
Игі тілекпен Жақсылық Кәкенұлы,
Қостанай облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі,
Рудный қалалық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі,