Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Мекеме жаңалықтары

МЕРЕЙТОЙДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ.

14 қыркүйекте облысымыздағы мәдениет қара шаңырағы – І.Омаров атындағы қазақ драма театрына жемісті 20 жыл толды. 
Мерейлі күнге орай өнер ордасының ішінен мұражай ашылды. Салтанатты рәсімге Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов пен театр басшысы Алимхан Мырзахан қатысып, жүрекжарды лебіздерін білдірді.  
Мәртебелі меймандар 20 жылдық мерейтой аясында ашылған мұражайға елеулі үлес қосқан білікті мамандарды кәсіби шеберлігі үшін алғыс хаттармен марапаттады.
Жалпы мұражайға 20 жыл ішіндегі репертуарлар, тарихи фотосуреттер мен құнды жәдігерлер қойылды. Сонымен қатар, қара шаңырақтың шымылдығы ашылған күннен бастап қызмет еткен режиссер Жамбылбек Есенбеков пен актер Өзбек Мұқашевтың бейнелері мұражай төрінен орын алды. 
Айта кету керек, осы мерекені жоғары деңгейде атап өту жоспарланған болатын. Алайда індетке байланысты барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, кішігірім ұжыммен мерекелеуге тура келді.