Мекеме жаңалықтары
Жаңа жас! Жаңа белес! Жаңа басшы!
Биылғы жыл І.Омаров атындағы қазақ драма театры үшін ерекше естеліктерге толы өтуде.
Себебі, 2000 жылдың қыркүйек айында тұсауы кесілген театрымызға 20 жыл толады. Оны атап өтуге жыл басынан бері кірісіп те кетті.
Айталық, мерейтойдың ашылу салтанаты барысында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов ұжымға жаңа басшыны таныстырды. Бұл лауазымға театр қабырғасы қаланғаннан бері еңбек етіп келе жатқан әртіс Әлімхан Мырзахан лайық деп танылды.
Әлімхан Мырзаханұлы - 2001 жылы Қазақстанның халық әртiсi Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасында «Театр және кино актерi» мамандығы бойынша тәлім алған. Сахна саңлақтарының ізімен келе жақан жаңа басшымыз аталмыш театрда 20 жыл адал қызмет етіп, өнерге деген шын жаңашырлығымен көзге түсіп, көптің көңілінен шыққан білікті маман. Ол тек театр сахнасын ғана емес, еліміздің киноиндустриясын бағындырып жүрген талантты актер. Отандық "Армандастар" телехикаясында, " Бір сен үшін", " Менің тағдырым", " Статья 177" атты толық метражды фильмдерде тамаша образ жасап, көрермен көзайымына айналды.
Бұдан бөлек, 20 жылдық мерейтой аясында театр қабырғасында жаңа шығармашылық зертхана ашылды. Енді театр жанынан өңіріміздің талантты жастарының басын қосатын студияның ашылуы жоспарлануда.
Мерейтой аясында өнер сүйер қауымға тарту ретінде Түрікменстан Республикасынан келген жас режиссер Мекан Джумабаев С.Беккеттің "Годоны күте-күте" қойылымын сахналанды. Осыған орай Қостанай жеріне Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық музыкалық драма театрының басшысы Асхат Маемиров, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының басшысы Азамат Сатыбалды, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Берік Айтжанов және С.Мұқанов атындағы Солтүстік-Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі Фархат Молдағалиев пен Арқалық қалалық қазақ жасөспірімдер театрының басшысы Нұрлыбек Қасжановтар келді. Мәртебелі меймандардың қатысуымен мұражай, театр тарихынан сыр шертетін бұрыш ашылды. Сондай-ақ, театр басшылары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, Асхат Маемиров, Азамат Сатыбалды және Берік Айтжановтар әріптестеріне арнайы шеберлік сыныптарын өткізді.
Əлемді шарпыған кеселдің кесірінен елімізде, халқымызда қиын-қыстау кезеңді, көптеген қиыншылықты бастан кешіруде. Соған қарамастан театр жұмысын қашықтықтан жалғастырып келеді. Айталық, Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына Ш.Айтматовтың "Құс жолы" повесінің желісі бойынша сахналанған «Ана-Жер Ана» спектаклін Қырғызстаннан келген режиссер-сценограф, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Нұрлан Абдыкадыров өзгеше тұрғыда инсценировка жасап, жаңаша форматта "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының" басшысы Ерлан Қалмақовқа, арнайы құрылған тәуелсіз сарапшылар алқасы мен театр ұжымына ұсынды.
Инсценировканың оқиғасы қызықты. Қойылым театр ішіндегі театрдан басталады. Актерлар сахнада өздерін ойнап, рөлдерін бөліп алады. Спектакльдің бұл түрі көп адамға таныс емес. Басында көрермен түсіне алмай, сан сұрақтың астында қалуы әбден мүмкін.
Режиссердің шешімі бойынша Толғанай, Сұбанқұл және тағы басқа басты кейіпкерлерді 2-3 актер қатар сомдайды. Нұрлан Абдыкадыров қасиетті "Ана-Жер Ана" образына "Ажал" прототипін жасады. Ол екеуі адам өмірінде күн мен түн, қуаныш пен қайғы сияқты қатар жүріп, қойылымның аяғына дейін басты кейіпкерлердің жанынан табылады. Спектакльде монологтар жоқ. Режиссер автордың түсініктемесін өзгертіп "Толғанайдың жас шағы", "Көлеңке" сияқты бірнеше образдарды қосты.
Декорация, жағалай шашылып жатқан сабан, костюм, реквизит барлығы көрерменді соғыс жылдарының атмосферасына жетелейді.
Қойылым екі сағатқа жақын уақытты қамтиды. Тамаша, әсерлі әуенмен әрленген. Спектакльге барлық жастағы актерлар қатысады.
"Ана-Жер Ана" сөз бен іс-әрекетке бай, әрбір мизансценалары сәтті, көпшілік сахналардың бәрі бір демде сауатты шыққан қойылым.
Мұндай заманауи форматтағы қойылым театр репертуарын толықтырмақ. Театрдың 20 жылдығы қарсаңында "Ана-Жер Ана" көрерменге жақсы сый болмақ.