Мекеме жаңалықтары
ӘН САЛҒАН АҚҚАЛА, ТАМСАНҒАН БАЛҒЫНДАР ШАТТАНА!
І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында жаңа жылдық қойылымдар легі басталды. Ұжым биыл балаларға арнап «Аққала туралы ертегі» мерекелік спектаклін әзірлеп отыр.
Оқиға желісі қызықты. Басты кейіпкер - Торай, Қоян, Тышқан. Олар ән салып жүріп ақ қарды собалақтап, көркем аққала жасап шығарады. Сымбатты мүсінді безендіру үшін қолда барын аяп қалмайды. Алайда, қарны ашқан қаскөй Ақ аю мен ерке Қонжық аққаланы құлатып кетеді. Аюлардың ойы - ғажайыпты ұрлау.
Тату достар ұрылардан сақтанып, «шіркін, Аққала тірілсе, оған жаңа жылдық армандарымызды айтсақ» деп тілейді. Ақ ниетті достардың қалауы орындалды. Қар мүсінге шыныменен «жан бітіп», аюларды ақылға келтіреді.
Ғажайыпқа сендіріп, достықты дәріптейтін қойылымды балғын көрермендер ықыласпен тамашалады. Әр сәтін қалт жібермей үн қосып отырды. Аққала қозғала бастағанда, олар гуілдей таңырқасып, шаттана қол шапалақтады.
Аққала жаңа достарымен қосылып ән салып, би билеп, балғындарды фойеге шақырды. Онда балаларды тосын сый күтіп тұр еді. Ертегі кейіпкерлері көрермендерді құшақ жая алып, түрлі ойындар ойнап, көңілін көтерді.Кешікпей кештің басты қонағы Аяз ата мен Қарша қыз да келіп жетіп, бәріне мерекелік сыйлық үлестірді. Театр әкімшілігі қамкөңіл балғындарға осылайша ұмытылмас қуаныш сыйлады.
Тегін өткен қайырымдылық мақсаттағы қойылымға 230 көрермен жиналды. Бәрі де әлеуметтік қолдауға мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі, арнайы мектептерде тәрбиеленіп жатқан балалар. «Аққала туралы ертегі» театр сахнасында 30 желтоқсанға дейін көрсетіледі. Одан бөлек көшпелі қойылымдарда қарастырылған. Спектакль авторы Абылай Мауданов, қоюшы-режиссері Дос Құбаш.